Алаңда киіз үйлер. Жұртшылық құрт пен қымыздан, бауырсақтан, өзге ұлт өкілдерінің дастархан мәзірінен дәм татты. Шашу да мол. Этно-мәдени бірлестіктердің достық әуендеріне Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасы қосылып, әсем әуендер шырқады. Орталық алаңға жиналған жұртшылықты облыс басшысы Болат Бақауов құттықтады.
Мерекені қызықтаған үлкендер, ән шырқап, би билеген жастар, кішкентайлар да көңілді. Жалпы, «Қоғамдық келісім» орталығының басшысы Нұрлан Күлжанның айтуынша, Достық үйінде 300 адамға арналған "Достық" концерттік залы бар. Зал қазіргі заманғы акустика, дыбыс және жарық аппаратураларымен жабдықталған. Орталықта этномәдени бірлестіктер негізінде 27 вокалдық-хор және 17 би ұжымдары, клубтар қызмет етуде. Мереке орталық алаң мен Ертіс өзені жағалауында, қалалық мәдениет және демалыс саябағында да жалғасты.
Жағалауындағы «Шаңырақ» аталатын алаңда қолданбалы өнер көрмесі және өңірлік суретшілердің сурет жәрмеңкелері өтті. Келесі «Ән-шашу» атта алаңда концерттік, «Балдәурен» алаңында балалардың ойын-сауық бағдарламаларына арналды. «Шымырлар» алаңында спорттық сайыстар жарысы, ұлттық ойындар көрсетілді. Мерекелік концерттік бағдарлама, мерекелік сауда, ұлттық және спорттық ойындар, ойын-сауық алаңдарының берекелі дәстүрі-Бірлік күніне арналды. Еліміздің эстарда жұлдыздары Отан, туыстық, достық тақырыбында ән шырқады.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар
Суретті түсірген: Валерий Бугаев